Өлең, жыр, ақындар

Азалы үйде болған оқиға туралы ой

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 638
Ажал-сұмның түсiп суық назары,
таусылды ғой тағы бiр жан базары...
Азаматсыз қалған ендi мынау үй
қайғы, мұңнан қара киген азалы.
ағытып бар iштегi зар тиегiн
өртке айналып өртенемiн, күйемiн.
Мынау зарлы,
мынау сұмдық жоқтаудан
үгiтiлiп бара жатыр сүйегiң.
Көрiп тұрып –
жоқтау айтқан ананы,
көрiп тұрып –
зар илеген баланы
ел мен жұрттың, туысқанның жиылған
түн сияқты тұнжырайды қабағы.
Көмей бiтiп шығара алмай үндi өзге
қорғасын-жас балқып, ерiп тұр көзде.
...Жұрттың бәрi отырғанда тұнжырап
әлдеқандай дауыс шықты бiр кезде.
Әлдеқандай дауыс шықты оқыс бiр
Сол дауыста шатағы бар шатыс тұр.
оған қарсы шықты басқа бiр дауыс,
ол дауыста тұрған-сынды атыс бiр.
Сол дауыстар бiрiн-бiрi тұр шатап...
(әлдекiмдер тұра қашты мұрсат ап).
Шықты сонсоң анау жақтан бiр шатақ,
шықты сонсоң мына жақтан бiр шатақ.
Шатақ сөздер тұра ала ма қауламай,
Бәле, жала сан тұстан кеп саулады-ай.
Азалы үйдi астан-кестен еттi ендi
қара құйын,
қызыл көздi дау-дамай.
Оны көрсең тiк тұрады шашыңыз!
Беттен қақты кәрiмiздi жасымыз.
...Ең болмаса қасiреттi күнде де –
құдайым-ай! – пiспей қойды-ау басымыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлар толғап терең менен әрiден

  • 0
  • 0

Ойлар толғап терең менен әрiден
несiне мен,
несiне мен желiгем.
Желiгемiн несiне мен жетiсiп.

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

2-ші топтағы мүгедек

  • 0
  • 0

Ол үшiн үлкен күш:
отыру жүрелеп,
кету де түрегеп.
Он тоғыз жастағы жап-жас қыз

Толық

Басқа да жазбалар