Сапарлар сан қызықты толғап еді – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сапарлар сан қызықты толғап еді» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Сапарлар сан қызықты толғап еді,
Жылы жел қуып жетті жолда мені.
Салқында суық қарға бүріседі,
Жылылық – тіршіліктің ол да лебі.
Тастары жол бойының текшеленді,
Олар да ұнатады көкше әлемді.
Қиялдар бұрымына лента байлап,
Сызба жол тыңдап жатыр кешкі өлеңді.
Толғауын толғай берді Толғам елі.
Тармақтар тебіреніп, оңға деді,
Тараулар толқыды да, солға деді,
Сапарлар тағы әкетті жолға мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері