Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 19.08.2018
  • 1
  • 10
  • 26078
Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып, жер айналып жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған,
Жарқылдап жабырқаусыз жайдары жан,
Жұлқынып жазғы егіске жарақтанған.
Шыңына шыбық шаншып, гүл түлетіп,
Сайлы елім саяхатқа саяттанған,
Қой қоздап, түйе боздап, құлын қунап,
Даланың төлі ойнақтап аяқтанған,
Бұзылмай айдын көлдің ақ қаймағы,
Құс шайқап балапаны қанаттанған.
Безесе кәрі Жамбыл қызыл тілін —
Хош көріп қазақ, қырғыз мадақтаған.
Бәйгеден күнде келген кәрі тарлан,
Бәрін де той, думанның аяқтаған.
Күй боздап домбырадан, өлең қоздап,
Қыз бұлғап орамалын қарап қалған,
Жүз жасап, жүз жаз көрген бұл Жамбылды
Ешбір жаз бүгінгідей қаратпаған.
Жазында Сталиннің жаңа жасап,
Кұлшындық қыран құстай тояттанған.
Жадырап, жаз гүлімен бірге гүлдеп
Тамырым алпыс екі тарап тұрған.



Пікірлер (10)

Нұрай

Керемет

Аяжан

Керемет❤

Наз

Керемет.Апай жаттауга берып еды

Ләйлім

Осыны айтамыз

Жұлдыз

Өте керемет. Біз жаттайын деп жатырмыз

Кәусар

Өте керемет ән

Жанайым

Рахмет

Жанайым

Өте күшті

Айша

Өте күшті өлең

Полат

«Жаз» — қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың табиғаттың сұлулығын, жаз маусымының жайнаған келбетін поэтикалық тілмен шынайы жеткізген өлеңі. Өлеңде жаздың жаңарған табиғаты — жайнап тұрған жер, шалқып жатқан көл, құс-құмырсқа мен жануарлардың тіршілігі көркем түрде суреттеледі. Автордың тілі табиғат лирикасын сезіндіре отырып, оқырманға жазғы күннің шуақты бейнесін көз алдына әкеледі. Мұндай поэзиялық шығармалар қазақ әдебиеті мен ұлттық рухты түсіну үшін маңызды, өйткені олар туған ел табиғатына деген махаббат пен сүйіспеншілікті күшейтеді. Осы өлеңді оқу оқырманға табиғаттың әсемдігін сезініп, қазақ поэзиясының көркемдік қуатын бағалауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Тауда

  • 0
  • 0

Мен бір шал тоқсан жасты құрдас еткен,
Тайғанап жүре алмаймын қия беттен.
Ел кезбей атқа мінбей, араламай,
Жатамын үйде тыныш сол себептен.

Толық

Қымбатты сый

  • 0
  • 0

Дүниеде жалғыз күн бар нұры сөнбес,
Оны сөнед дегенге әлем сенбес,
Ақылдың сомдап соққан биік шыңы,
Ленин мен ұлы Сталин соған теңдес.

Толық

Май

  • 0
  • 1

Тоқсан жыл түрлі ән қосып,
Жыл да жазда бір тосып,
Тағы да міне май келді.
Бетпақ шөлге жан кіріп,

Толық