Алатау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.08.2018
  • 0
  • 11
  • 49153
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін;
Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Карлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып бұлттарменен болған кептес,
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, —
Тулаған, аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шолпып.
Етегі сол таулардың мидай тегіс,
Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Жегізер аямастан түрлі жеміс.
Алатау Жетісумен құшақтасқан,
Еліне қазыналы қойнын ашқан, '
Бауырында Қазақстан астанам бар, —
Бір бауыр орыс-қазақ араласқан.
Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,
Көк майса ойы, қыры бәрі балғын,
Қызығын сол жайлаудың көрсем десең, —
Шөбіне бауырың төсеп жатып алғың.
Ар жағы — еңреген ел Қытай жері,
Бер жағы — ен жайлаған қазақ елі,
Басында бахыт жырлап Жамбыл отыр,
Желбіреп қызыл жалау шығыс белі.


Пікірлер (11)

Шуак

Асерлы жазылган тамаша

Арайлым

Өте керемет өлең!

Jambyl jabaev

óte keremet áserli tamasha óleń

аида

тамаша жан

Ш.Сабина.

Керемет олен жолдары❤

Мерейка

Неге сонша ұзақ жазған

Айзере

БАЛАЛАР

Айзере

Балалар

Айзере

Айзере

Инжу

Кушты

Эля

Жамбыл Жабаевтың «Алатау» атты өлеңі — қазақ жерінің еңселі табиғатын, тау мен даланың әсем көрінісін көз алдыңа елестететін көркем поэзия. Бұл шығармада ақын Жетісудың шексіз тауларын, орман-тоғайлы нұрын, аққан судың әсемдігін поэтикалық тілмен суреттеп, табиғаттың тамаша бейнесін, қазақ жерінің байлығын қоғамға жеткізеді. Осындай өлеңдер оқырманға елінің табиғатына, оның сұлулығына және рухани байлығына деген махаббатты күшейтіп, поэзия арқылы туған жерге деген мақтаныш сезімін оятады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Алатау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алатау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері