Өлең, жыр, ақындар

Ақша бұлттар арман айта бастаған

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Ақша бұлттар арман айта бастаған,
Құс қанатын бауырына жастаған.
Сұлулықты көрем ылғи ол жақтан
Шексіздіктің сызығынан аспаған.
Жалбыраған жел боп ұшты жас үміт,
Тамшылары тасқа тырс-тырс шашылып.
Сеңгір күннің селдіреді селдері,
Мұзды мұхит қалған кезде тасынып.
Бұлақ біткен құмға сусап қалған ба,
Жыр айтады сылдыраумен жалғанға.
Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады.
Жаңбыр жасы сырт-сырт етіп тамғанда.
Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады,
Сағынышын айтқаны ғой ол-дағы.
Ойлы күндер тапжылмастан қалыпты,
Орамалы сусып ұшып қолдағы.
Табиғаттың тамылжыған шағында,
Махаббатым оранады сағымға.
Қуып жете алмасымды ұғындым.
Ақпа күндер ілескенде ағынға.
Қуып жете алмасымды ұғындым,
Ертеңгідей бола алмайды бүгін күн.
Ашық аспан аясынан күн көріп,
Жанарына шуақ болып тығылдым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен анамның әлдиімен өскенмін

  • 0
  • 0

Мен анамның әлдиімен өскенмін,
Мен әкемнің айбарынан сескендім.
Тыным таппай кеңістікті шарладым,
Жүрдек мезгіл тұсауымды кескен күн.

Толық

Жаһанды жаныңмен жырласаң

  • 0
  • 0

Жаһанды жаныңмен жырласаң,
Басыңды сан нұрға бұрмасаң,
Көлкіген көл болып кетпесең,
Теңіз боп тербеліп тұрмасаң,

Толық

Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан

  • 0
  • 0

Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан,
Талықсыған күресте талдым, айнам.
Тіршілігің өксіген көк өзендей,
Арты ұйық секілді, алды қайраң.

Толық