Мейірім тұрды демін ішіне алып – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мейірім тұрды демін ішіне алып» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Мейірім тұрды демін ішіне алып,
Жанында күлімдеген кісі қалып.
Шайқалып шаттық тұрды шыр айналып,
Алтын нұр аппақ айдан ішіп алып.
Шайқалып шаттық нұры Шардараның,
Бақытын әнге қосты бар қаланың.
Бидайлы Сарыарқаны ұйқы қысты,
Тия алмай сарқырама сарнағанын.
Ақ жаңбыр төкті, төкті, құйды айыпты,
Билетті «Боз жорғаға» бидайықты.
Шырайлы шамшырақтар жарқырады,
Шытырман шумақтардан шимай ұқты.
Оянып нәрестелер құрсақтағы,
Бұлқынып боз таңдардың бүр шақтары.
Беймезгіл дүрсіл қағып құрғыр жүрек,
Себебін айтпай қойды, сыр сақтады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері