Жылымық күн, жетпеді жерге демі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жылымық күн, жетпеді жерге демі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 788
Жылымық күн, жетпеді жерге демі,
Құстар біткен қанатын сермеледі.
Жауып өтті ақ жаңбыр, тиылмады
Сағынышы жүрегін тербегелі.
Жұпар аңқып сәуірдің жаңбырында.
Аңқылдайды көңілі таң нұрында.
Сағыныш бар адамның өмірінде,
Сағыныш бар құстардың тағдырында.
Тежей алмас тіршілік тізгінімен,
Лықсып ағып көк мұхит жүзді кілең.
Құстар біткен жарысып самғай ұшты
Қанат таққан қиялдың үздігімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері