Үлкен Ардақ – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Үлкен Ардақ» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5283
Қыз қайда Ардақжандай туған айдай,
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,
Жанымның сүйініші бұлбұл таңдай.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым,
Болса өзіңдей алғаным!

Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы,
Біреудің мәпелеген ақ тамағы.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде, ерке сәулем,
Секілді айдын көлдің ақ шабағы.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп,
Тарқар ма еді-ау, арманым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері