Мықты кім? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мықты кім?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Қайыржанмен бiлiс пе ең,
Жақын едi арамыз,
Аяғы да жiңiшке,
Денесi де тарамыс.
Бұлшық етiм бiлеудей,
Бойым болса тiреудей.
Iрiлiгiм түйедей,
Жан-ақ едiм бiрегей.
Қорғайтынмын оны мен,
Күштiлерден ептеп те...
Бiр күндерi, сонымен,
Жарыс өтсiн мектепте.
Екi аяқта шаңғымыз,
Қызып алған денемiз,
Артта жоқ қой қалғымыз,
Алға ұмтылып келемiз.
Аяқ тартты ауыршаң,
Қалып жатыр сан белес.
Шаңғышы екен Қайыржан,
Жеткiзетiн жан емес.
117
Қарамай-ақ əлiне,
Ширақ екен жүрiсi.
Бұрын жеттi бəрiнен
Мəреге де бiрiншi.
Титықтаған денем де,
Мен де жете жығылдым.
Қайыржанның менен де
Мықтылығын ұғындым.
Содан берi досымды
Бала бiткен сыйлайды.
... Қара күштiң
Өзiмдi,
Iске аспауы қинайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері