Не белгілі, не белгісіз? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Не белгілі, не белгісіз?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1098
Сиыр кетсе табынға,
Сүт əкелер –
белгiлi.
Ел кетсе шөп-шабынға,
Шөп əкелер –
белгiлi.
Ара кетсе бауларға,
Бал əкелер –
белгiлi.
Ағаш тiксең аулаға,
Алма берер –
белгiлi.
Бүгiн күннiң қалайда,
Бататыны –
белгiлi.
Ертең таңның алайда,
Ататыны –
белгiлi.
Қайсын тiзiп жатасың,
Талай нəрсе –
белгiлi.
Бiрақ несiн айтасың,
Белгiсiзi ендiгi:
Жұмсай қалған заматта
Тiл алары – белгiсiз.
Сақан кетсе сабаққа,
Не алары –
белгiсiз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері