Бұлт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 552
Ойға батып опынам –
өңiм бе бұл, түсiм бе? –
үнсiз кейде отырам
қара бұлт iшiнде.
Желп-желп етсе етегi
соғар ызғар суығы...
Менi тесiп өтедi
найзағайдың сынығы....
Сонсоң күннiң күркiрi
кетедi ғой жыраққа.
Одан шошып сiлкiнiп
селк етпеймiн бiрақ та!
Аузын ашып құлыптың
ойлар ойлап сан асыл,
қалың қара бұлттың
жұтамын кеп ауасын.
Айналады сезiм де
ақ найзағай-шыбыққа...
Айналамын өзiм де
қалың қара бұлтқа.
Бiр тiрiлiп, бiр өлiп
қалың ойға батамын,
қап-қара боп түнерiп
көшiп бара жатамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар