Не амал бар? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Не амал бар?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 725
Бұл дүниедегi
Қомағайлық пен
Тойымсыздықтан қашып
Безiп кеттiм;
Табиғат анам ғой деп,
Анам панам ғой деп
Тау-тасты,
Құм-шөлдi аралап
кезiп кеттiм.
Атаңа ғана лағнет! –
Қу қомағайлық! –
Мұнда да! –
Әр тастың тасасы мен
Әр бұтаның астында
Бұғып жатыр екен.
Көзiм түсiп кеттi:
Қамшыдай жiңiшке
Қара жылан
Қолдың басындай
Аппақ жұмыртқаны
Жұтып жатыр екен.
Не амал бар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері