Өртеніп менің өзегім – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Өртеніп менің өзегім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1588
Өртеніп менің өзегім,
Демімнен жалын атады.
Өзіме жат боп өз елім,
Жүректі көздеп атады.
Қазақтық қаны суалып,
Бөтен бас артқан екі аяқ.
Төрешім – ақша, қу – алып,
Күйдірген жолын от аяқ.
Жанартау тулап ішімде,
Өлең боп қайнап атылған.
Атажұрт – арман түсімде,
Қонысқа жаңа тасынғам.
Тамырым кеткен тереңге,
Топырақ – мекен тұрағым.
Ризығын Аллаһ терем де,
Қыбылаға бетті бұрамын.
Өкпелеп нетем пендеге?!
Аман бол, жерім, киелім!
Ұлтымның рухы көмбе де,
Атыңа Қазақ иемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері