Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 919
Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер,
Америка толқын тулап, жұлқынды жел.
Қар жауып, оңтүстікте үсік жүрді,
Ыстықтап Қазақстан жыртылды кер...
Қай жерде күпір асып өктемдесе,
Жазалау басталады көктен неше.
Бір өзін «Құдайы» санап жер бетінің,
Ферғауын Ніл астына кеткен кеше.
Пендені тәкаппарлық билеген де,
Жылы сөз естілмейді үйден елге.
Қалады опығына орын таппай,
Қамырдай қайта әкеліп илегенде.
Татар дәм алданыш боп жуындылар,
Алтынның атақ көрер буын бұлар.
Қай жерде азғын ұрпақ бас көтерсе,
Сол жерді Қаһар келіп буындырар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері