Шер мен жел – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шер мен жел» атты Темірхан Медетбек жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Әзiр жазуға болмайтын
Бiр жырым бар едi, –
Кеудемнiң түбiне тығып
Сабырымды тас етiп
Бастырып тастадым.
(Бiрақ оны бәрiбiр
Шер көтерiп кетедi).
Әзiр айтуға болмайтын
Бiр сырым бар едi, –
Әне бiр
Ақ бұлтқа орап
Алатаудың аңғарына
Жасырып тастадым.
(Бiрақ оны бәрiбiр
Жел көтерiп кетедi).


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері