Осы бір жан – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Осы бір жан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 737
Аһ ұрса – көкiрегiнен! –
Қопарылыстар мен жарылыстардан
Күйзелген Семейдiң
Күл-топырақ
Демi шығады.
Шағынса –
Қара тас қақ айырылатын
Шерi шығады.
Жыласа – көзiнен!
Жас емес! –
Аралдың ап-ащы
Тамшысы тамады.
... Осындай жанды да
Келiмсектiң қанден итi
Балағынан қабады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері