Мақтаныш

Бұл бетте «Мақтаныш» атты Әдібай Табылды жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2357
Таудай үлкен талабы,
Күнде «бестік» алады –
«Білгіш» дейміз мектепте
Мақан деген баланы.
Қастерлейді ананы,
Қадірлейді ағаны –
«Ізетті» деп жақтаймыз
Мақан деген баланы.
Өнерлі де саналы,
Күй тартып, ән салады –
«Өнерпаз» деп мақтаймыз
Мақан деген баланы.
Көп-ақ түрлі талабы,
Көрген жан таң қалады:
Мақтан етер мектебі
Мақан деген баланы.
Бұл – Күн-ана күші деп,
Қамқор-құстың ісі деп,
Көгершінді ел күтіп жүр,
Бейбітшілік құсы деп.
Жақын жүріп адамға,
Көгершіндер әманда
Тыныштықты тілейді
Елге, саған, маған да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаныш өлеңінің авторы кім?

Әдібай Табылды — осы өлеңнің авторы.

Мақтаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әдібай Табылды өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері