Құралай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құралай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2762
– Ұстап алып даладан,
Байлап қойдық манадан.
Достасайық, кәне, біз,
Бірге ойнайық бәріміз.
Құралай-ау, құралай,
Бұртиғаның бұ қалай?
Қалғандай-ақ өкпелеп,
Қарамайсың шөпке де.
Су қойсақ та апарып,
Ұрттамайсың қасарып.
Қойған судан татпасаң,
Шөбіміз де жақпаса,
Енді саған не керек?
– Бостандығым керемет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері