Ата мен бала

Бұл бетте «Ата мен бала» атты Тайыр Жомартбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2481
Баланың атасына айтқан сөзі:
Ғазиз атай, оқыт мені,
Оқымасам, білем нені?
Егер мені оқытпасаң,
Үйде босқа неғып жатам?
Жас ғұмырды қылма надан,
Өссем, қайғы болар маған.
Білсем, көпке пайдам тиер,
Және жақсы болар саған.
Оқығандар болар ғазиз,
Қаріп етпе балаңды сіз.
Басқа жұртқа қарап тұрсам,
Бәрі оқуда ұл менен қыз.
Ғылымға біз қойдық қадам,
Бойға ұят – қалмақ надан.
Ғылым, өнер білмек парыз,
Баласымыз біз-дағы адам.
Ғұмыр деген етер сағым,
Бос кете ме жастық шағым.
Кішкентайдан талап іздеп,
Арманыммен жансын бағым.
Ғазиз атам, оқыт мені,
Оқымасам, білем нені?
Мен ғылымның арқасында
Қуанышты қылам сені.
Балаға атасының айтқан сөзі:
Қарашығы көзімнің, нұры, балам,
Сабаққа көңілді қой, болмай алаң.
Қарағым, алаң болма, оқы сабақ,
Өсірдім оқысын деп, шытпай қабақ.
Өзіңнің адам болу қамыңды ойла,
Қызмет қып, таппай-ақ қой маған тамақ.
Сабаққа көңілді қой, оқы шырақ!
Жалқау боп, өз құрбыңнан қалма жырақ.
Осы күн тілімді алып оқымасаң,
Өскен соң, өкінерсің сонда бір-ақ.
Күн-түні, ыждаһат қыл, жатпа босқа!
Түк білмей, таба болма дұшпан, досқа.
Көп ойнап, жамандықты қылма машық,
Оқыған жақсылардан жүрме қашық.
Білген мен білмегеннің парқын айыр,
Әркіммен таныс болып, араласып.
Шырағым, кейін қалма құрбыңнан тең,
Өмірде жасамаспын сенімен мен.
Ем болмас саған менің насихатым,
Шықпаса талап, өнер өз кеудеңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата мен бала өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жомартбаев — осы өлеңнің авторы.

Ата мен бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата мен бала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жомартбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ата мен бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері