Бала, Күн, Құс және Шие – Тайыр Жомартбаев

Бұл бетте «Бала, Күн, Құс және Шие» атты Тайыр Жомартбаев жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1536
Баланың Күнге берген жауабы:
Терезеден күн түсті,
Деді былай балаға:
«Жүр, ойнайық, іш пысты,
Шықпаймысың, далаға?»
«Мазалама, жарық күн,
Дей аямаймын жалықтым.
Ынта ауған сабаққа,
Ойынға жоқ уақытым».
Жазу жазды телміріп,
Қараған жоқ бас бұрып.
Бұтақтағы жас құстар
Шақырды оны ысқырып:
«Сабағыңды таста да,
Кел, ей бала, бақшаға!»
Баланың Құсқа берген жауабы:
«Шақырма мені, жыршы құс,
Отырмын үйде қылып іс.
Оқуды жақсы бітірсем,
Ойнармын сонда жазы, қыс».
Қызыл шие шақырып.
Деді: «Ойнайық, жарқыным!
Жеміс берем қып-қызыл,
Пісіп жеткен осы жыл.
Басқа бала жеп жатыр,
Келмесең, енді өзің біл».
Баланың Шиеге берген жауабы:
«Айналдырма, әй, шие,
Көріп тұрсың сен міне:
Ойнауға ешбір уақыт жоқ,
Істе керек бір жүйе».
Оқыды ол сабақ, ойланып,
Кітаптан мәнді сөз танып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала, Күн, Құс және Шие өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жомартбаев — осы өлеңнің авторы.

Бала, Күн, Құс және Шие өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала, Күн, Құс және Шие өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала, Күн, Құс және Шие өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері