Ботақан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ботақан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3005
Жотасында
Өркеші,
Бота –
Құмның еркесі.
Жүр бір аттап,
Екі аттап.
Туғанына
Екі апта-ақ.
Айналасы –
Күйген құм.
Ұзамайды
Үйден тым.
Ұзын мойнын
Созды әрі.
Бір мезет ол
Боздады:
«Бө-бө –
Шөптер қуарған!
Бө-бө –
Бұлақ суалған!»
Мазаланды
Текке ол.
Құмда су да,
Шөп те мол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері