Тас пен құрт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тас пен құрт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1532
«Тасырлаған қандай надан ақымақ! –
Деді бір Тас жаңбыр жайлы жатып ап, –
Барлығы оған қуанышты, қарашы!
Құт қонақтай жатыр жақсы қарсы алып,
Не тындырды ол соншалық?
Бар жауғаны екі-үш сағат шамасы.
Мен жайлы елге неге хабар жетпейді?
Өмір бойы бүлк етпеймін мен деген.
Лақтырса да еш қарсылық етпеймін,
Бірақ, алғыс алғаным жоқ пендеден.
Халық бекер сөкпейді:
Шындық жоқ деп мына жалған өмірде».
Деді оған Құрт: «Кебінбе!
Сол жаңбырға қарап көрші аңдап шын:
Құлпыртып қу жеріңді,
Суарды ну егінді,
Шаруа да, міне, содан көңілді;
Ал, сен болсаң текке жатқан салмақсың».
* * *
Жасын айтып кейбіреу, мақтанғанмен айда кеп,
Сол бір Тастай одан ешбір пайда жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас пен құрт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тас пен құрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас пен құрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас пен құрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері