Онегиннің өлердегі сөзі – Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев)

Бұл бетте «Онегиннің өлердегі сөзі» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(А. С. Пушкиннен)
Жарым жақсы киім киіп,
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңілім,
Басылмай бір құшып, сүйіп.

Бойым тұр дал болып ұйып,
Көңілім жүр құс болып шүйіп.
Есіркеп сүйгізіп еді,
Кетіппін жүз есе күйіп.

Қылдың арам ойынды,
Бір бұрмадың мойныңды.
Сен ақылмен көңіліңді
Тыйып, жеңдің бойыңды.

Мен бұрылып түзеле алман,
Қайтсін дедің сорлыңды...
Атам, анам – қара жер,
Сен аша бер қойныңды.
Сенен басқа еш жерден
Таба алмадым орнымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Арука

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері