Кездейсоқ жағдайдағы піл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кездейсоқ жағдайдағы піл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1592
Арыстанға кездейсоқ барыпты Піл жай ғана,
Бұл туралы әңгіме өріп айнала,
Өзінше әркім шешіп жатты жұмбақты:
Барды екен Піл не үшін?
Жоқ өзінде не әжуа, не пішін,
Қандай айла бұл нақты?
Өзара аңдар таласты.
«Егер, – деді сонда Түлкі бұлаңдап, –
Құйрық болса онда әсем жарасты,
Таңданбас ем».«Қарап көрсең шын аңдап,
Деді Аю да – тырнағы боп шын егер, –
Барса біреу сөгер ме?
Елең етіп, көңілін де бөлер ме?
Алайда, ол тырнақсыз ғой, біледі ел,
Мүмкін, тағы азу қосып алмақ па?».
Сөйлеп кетті Қодас та:
«Мүйіз сұрай бармап па?».
Деді Есек: «О, достар!
Арыстанға неге барды ол шынында?
Себебі бар мұның да.
Ал, мен шештім дұрысын –
Болмаса егер құлағың, тіршілігің құрысын!».
* * *
Көбіне біз лепіреміз сөзбенен,
Артық санап өзімізді өзгеден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездейсоқ жағдайдағы піл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кездейсоқ жағдайдағы піл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездейсоқ жағдайдағы піл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездейсоқ жағдайдағы піл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері