Масақ

Бұл бетте «Масақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1721
Егістікте еркін өскен бір Масақ
Шыны астында тұрған гүлді аңғарды.
Әрі жылы, әрі жарық үй жасап,
Аялаған адамдарға таңданды.
Ал, бұл болса көрді ме екен күй таңдап?
Деді сонда қапаланып Диханға:
«Неге сонша әділетсіз едіңдер?
Көзге ұрса кім түрімен,
Бар ынтаны аудардыңдар шынымен.
Пайдалыны түсінбей, керегі жоқ дедіңдер.
Негізгі өнім түспейді ме егіннен?
Қарашы өзің, қандай әсем кеңістік!
Тұқымыңды сепкен күннен тегіс қып,
Шыныменен қаптап бізді жаптың ба?
Қопсытып бір көрсеттің бе шапағат?
Суардың ба шөлдегенде қаталап?
Жоқ, бейнетпен келген бізге бақ мұнда.
Ал, гүлдердің үйірін,
Шықпаса да олардан еш бүйірің,
Біз секілді кең далада тастамай,
Жылы жерде өсіресің басқадай.
Бізге-дағы бөлсең сонша көңілді,
Алда ақтап теріңді,
Жинар ең мол өнімді.
Сонда астығың астанаға жетеді,
Бізге-дағы жылы үй саласаң не етеді?»
«Тыңда, достым, – деді Дихан, – шамасы,
Еңбегімнің ұқпағансың бағасын.
Сендерге еткен қамқорлықта шек бар ма?
Көп күш жұмсап, жанды салып көкпарға,
Талдарды отап, тазаладым тың жерді,
Осыншалық бейнетімді кім көрді?
Енді оны қозғай қояр көп бар ма?
Пайда жоқ.
Жауыныңды көктен сұрап ала бер.
Құлақ ассам сен ұсынған жайға тек,
Онда гүлсіз, әрі астықсыз қалар ем».
* * *
Кейбір тұрғын осындай,
Мейлі сарбаз, мейлі азамат болсын жай,
Біреулерді құр күндеп,
Жүргендері күңкілдеп,
Оларға да айтар ем осы жайды білсін деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Масақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Масақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Масақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Масақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері