Піл мен қанден – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Піл мен қанден» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(И. А. Крыловтан)

Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.

Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.

Қанденге бір ит кездей боп
Деді: "Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!

Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!— деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені".

"Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ,
Ер атанып көремін.

Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден — ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?"


Пікірлер (1)

Анеля

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Піл мен қанден өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Піл мен қанден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Піл мен қанден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Піл мен қанден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері