Бақа мен құдай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақа мен құдай» атты Абдрахман Асылбек жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1138
Тұратұғын батпақты бір бөктерде
Бақа ауысып көктемде,
Таудың үстін таңдады.
Тауып онда алаңқайды құрақты,
Орын тепті тұрақты.
Нулы, нәрлі, секілді еді жұмақ бір;
Қызығы тек көп ұзаққа бармады:
Жаз да жетіп жалынды,
Мекен-жайын құрғатты күн аптабы,
Ол жерде енді шыбын-шіркей қаптады.
«О, Құдайым! – Бақа інінде табынды, –
Мен сорлыны қинай бермей өн бойы,
Жерді селдет – тауға жетсін деңгейі.
Ешқашан да құрғамасын тұрағым,
Шалқып жатсын су-ағын!»
Бақа солай жағы сембей сарнады,
Юпитерді қарғады енді былай да,
Деп көмегі не рақымы қалмады.
«Мисыз! – деді Құдай да,
(Демек, әлі ашусыз бір райда), –
Бостан-босқа бақылдама, жетеді,
Топандатып, сен сұрады екен деп,
Ел қырғанша бекерге,
Төмендегі батпаққа өзің барсаң не етеді?».
* * *
Белгілі ғой ондайлардың арманы:
Басқалардың тірлігі не, сөзі не?
Жақсы жағдай болса болды өзіне,
Күйе берсін қалғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақа мен құдай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бақа мен құдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақа мен құдай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақа мен құдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері