Сұлу махаббат

Бұл бетте «Сұлу махаббат» атты Қайрат Ахмер жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 749
Бала күнім кешегі жоқ басымда,
Керуен жылжып барады тоқтасын ба?
Жанын жеген жегідей сенің қамың,
Қара кемпір отырған от басында.

Жақсы көред, білмедім, неменесін,
Бара жатыр арқалап немересін.
Қара кемпір, бүкір шал, қормалым-ай,
Сағыныштың қоздырған делебесін.

Күннен ыстық мейірің, ана, маған,
Сенен артық жан бар деп санамағам.
Қаршығадан жасқанған торғайың ем,
Жүрегіңді шырылдап паналаған.

Өтсе дағы дауылды бұрқасында,
Ол бақытты, анасы бар қасында.
Бұл жаһанда бар екен жалғыз сұлу,
Ана менен баланың ортасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу махаббат өлеңінің авторы кім?

Қайрат Ахмер — осы өлеңнің авторы.

Сұлу махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сұлу махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері