Тас пен алмас – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тас пен алмас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2290
Алмас жолда жатыр еді шаң басып,
Бір саудагер тауып алды дәл басып.
Қолдан-қолға өтті де,
Пашаға ол аттанды;
Алтынменен апталды,
Әшекейге айналып тез кетті де.
Мұны естіп, Тас қызықты балаша
Сол Алмастың тағдырына тамаша.
Былай деді бір мұжықты көргесін:
«Айналайын жерлесім,
Мені өзіңмен астанаға ала кет,
Жауында қап үнемі, көрмекпін бе бәлекет?
Алмас даңқы жетті бүгін алыстан,
Ескерусіз жататұғын қасымда,
Ол да мендей тас еді ғой басында,
Керек десе, бүйіріме жабысқан.
Ала кеткін, көзге түсіп қалармын,
Мен де сондай бір кәдеге жарармын».
Тастың сөзін тастамай ол далаға,
Алып келді қалаға.
Ойлады Тас: «Бағым одан болмас кем,
Қатар тұрам Алмаспен».
Басылып тез Тастың ойы лепірме,
Тіреуіш боп қаланды тек көпірге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас пен алмас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тас пен алмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас пен алмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас пен алмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері