Мысық пен бұлбұл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мысық пен бұлбұл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2183
Мысық ұстап Бұлбұлды,
Бүріп тұрып тырнақпен,
Былай деді жұмсақ үнді ырғақпен:
«Әншім менің сыңғырлы,
Естіп жүрмін, мақтайды жұрт әніңді,
Әншілермен қатар қойып кәдімгі.
Сезгем Түлкі сөзінен:
Дауысыңның ғажаптығы соншалық,
Әндеріңді тыңдағанда тамсанып,
Барлық малшы танады екен есінен.
Енді соны өзіңнен
Шын тыңдасам деп едім.
Шиқылдама бос қырсығып тарыла,
Қорықпағын, тұрғаным жоқ жегелі.
Бірдеме айтсаң, еркіндік ап тағы да,
Жетесің тез орман, тоғай бағыңа.
Әлде, сенен кем түсетін мен бе екем?
Пырыл қағып, өзімді-өзім тербетем».
Тұтқындағы ол сорлыда не қалды –
Бұлбұл болса әрең-әрең демалды.
«Ал, кәнеки, – деді Мысық қайта бір, –
Аз да болса әніңді сап байқағын».
Әнші ән салмай, тек қиқылдып зорланды.
«Осы ма әнің маужыратқан орманды? –
Мысқылдай ол сұрады, –
Қайда сол күй бұлағы,
Мақтаған ел анықтан?
Үйде де бар бұл шиқыл –
күнде тыңдап жалыққам.
Көріп тұрмын, әнге шебер емессің,
Шиқылдайсың беталды.
Ал, аузымда тәтті емеспін демексің», –
Деп әншіні жеп алды,
Қалмады одан қылқан да.
* * *
Мысал мәнін айтар болсам, ал тыңда,
Бұлбұл шырқай алсын ба,
Мысық бүріп тұрғанда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысық пен бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мысық пен бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысық пен бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысық пен бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері