Болат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1353
Сынған қылыш жатты бір
Араласып темірге,
Біреу оны сатты бір
Шаруаға тегінге.
Онда көп іс болған ба:
Сол Болатпен бір пайданы тапқалы,
Қылышты тез саптады
Және онымен қабық сырды орманда.
Ал, үйінде ағаштарды жаңқалап,
Шапты бірде бұтақтарды балталап,
Енді бірде жонып жатты қада да.
Жыл өтпестен арада,
Сол Болатты жібергенде лақтырып,
Балта біткен шат күліп,
Мініп алды ат қылып.
Қарап Кірпі іргеден,
Ескерусіз жатқан ескі қорапта,
Бір күні ол былай деді Болатқа:
«Айтшы маған, өмір ме екен бұл деген?
Естуші едім көп тегі
Болат жайлы ел әңгіме еткенін.
Емес пе ұят жаңқа шауып шамалы,
Бірде жонып қаданы,
Ақырында ойыншық боп кеткенің?»
«Жасқар едім жауларды батырлардың қолында, –
Деді Болат, – тап қазір керегі жоқ оның дәл.
Жеңіл-желпі жұмыспенен іске асып,
Тек жатқам жоқ қайда да.
Ұялса сол ұялсын да, қысқасы,
Жарамаса әйтеуір бір пайдаға».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болат өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Болат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері