Үш мұжық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үш мұжық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1003
Түнде үш Мұжық бұрды ауылға бастарын.
Питерде олар жүрген еді жүк тасып;
Ойнап-күліп құптасып,
Енді елге келе жатқан жұптасып.
Мұжық, сірә, қалай жатар аш қарын?
Қонақтарға үй иесі дәм қойды,
Елде қандай тамақ бар:
Алдарына ботқа менен нан қойды.
Питер емес, мұнда, әрине, тапшы ғой,
Аш жатқаннан жақсы ғой.
Сол Мұжықтар шоқынды,
Сонсын асқа отырды.
Осы кезде біреуі оның батылдау,
Астың көріп екендігін тақылдау,
Сөз бастады қулық ойлап табанда
(Күш жетпеген жерде керек амал да):
«Білетұғын шығарсыңдар Фоманы,
Биыл оны сарбаздыққа алады».
«Неткен сарбаз?» «Біздің ел қытайлармен ұрыспақ,
Деген сөз бар патшамыз кек алмақшы дұрыстап».
Сөз таласты екі Мұжық со тұста
(Екеуі де сауатты еді сорына:
Газет, журнал ұстайтұғын қолына),
Кім бастамақ, қалай болмақ соғыста?
Осылайша әңгімелер жалғасты,
Болжам, пікір айтыстармен алмасты.
Қудың ойы осы еді ғой, дөп шықты:
Жатқанда олар таласып,
Әр сөз үшін санасып,
Үндемей-ақ, барлық асты ол жеп бітті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш мұжық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Үш мұжық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш мұжық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш мұжық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері