Тағдыр – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Тағдыр» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1009
Дәулет сері осы елдің күй табағы,
Домбыра алса төредей сый табады.
Моцарт болып ойнайды күй сандықты,
Табылды боп сайратып гитараны.
Сол сері келемін деп қырды айналып,
Бір байға түстеніпті құлдай барып.
Қарсы алыпты ет асып, қымыз құйып,
Байекеңнің жүзіне нұр байланып.
Шабытты ердің шыққасын тынбай әні,
Бәйбішесі кіріпті сырлы аяңы...
Жылы ұшырай беріпті,
(Кім еді өзі?!)
“Ғашық болған қызым ғой бұл баяғы”.
Сөз таба алмай тар жерде айтарға епті,
Қайран ерге ескі дерт қайқаң кепті.
Жүрек тездеп,
Басына қымыз шығып,
 
Қыза келе...
“Қатынды қайтар” депті.
Білгесін мына сөзі ұнамасын,
Аттаныпты атының бұра басын.
Байекең жалғыз жепті қазандағы,
Серіге арнап салған сыбағасын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері