Өзі дүрдей сері едім
Бұл бетте «Өзі дүрдей сері едім» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзі дүрдей сері едім,
Сөзі мірдей,
Үзім қалқам сен едің өзі гүлдей.
Жаның сезіп тұрса да жағдайымды,
Жарасады жүргенің көзіңе ілмей.
Жүрегімді ауыртып бар білгенім,
Қандай ғажап қарамай паң жүргенің.
Қалжыңдасып ойнайды өміріммен,
Өлеңімді сүйетін тағдыр менің.
Ішкен асым бойыма тіпті сіңбей,
Жан-ділімді сыздаттың...
Мықтысың ғой.
Мынау нашар хәлімді сезе тұрып,
Қарайтының керемет түк түсінбей.
Көркем менің сахарам құт дарыған,
Жерұйығы болыпты тіпті арыдан.
Сұлулықтың болғаны осыншама,
Мұздықтардың дейді ғой ықпалынан.
Ол ерісе, қалады жер де қараң,
Белдер аман болсыншы, көлдер аман.
Табиғатым бұзылмай тұрсын десең,
Ери көрме, өтінем, сен де маған...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі