Көкек пен қораз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкек пен қораз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2672
«Достым Қораз, даусың күшті, мәнді екен!»
«Ал, Көкегім, жарығым,
Сенің үнің созылыңқы, әнді екен,
Сендей әнші орманда жоқ, анығы»,
«Сені, Құда, келер мәңгі тыңдағым».
«Ах, сұлуым, Тәңірім,
Сәл тоқтатсаң, қашар дегбір, сабырым,
Үзбеші әннің ырғағын...
Мұндай дауыс қайдан пайда болады?
Үнді, нәзік, жоғары!...
Әнің әсем, болсаң да өзің кішкентай,
Сен тұрғанда Бұлбұл кім?»
«Рахмет, төкпес сендей күмбірлі үн
Пейіштегі құстар-дағы ешқандай,
Білем, мені барлық құстың қоштарын».
Тыңдап тұрып деді Торғай: «Достарым!
Бір-біріңді мақтай бергін қаншалық,
Әндерің еш жақпаған!»
* * *
Ар-ұяттан аттаған
Көкекті Әтеш мақтаған,
Әтешті ол да мақтаған соң жан салып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек пен қораз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көкек пен қораз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек пен қораз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкек пен қораз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері