Өлең, жыр, ақындар

Шақырып алып көмекке

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1288
Айналайын басқарма,
Сенің көңлің аспанда.
Шақырып ап көмекке,
Жекіресің жастарға.
Мұның әлде мастық па?
Мұның әлде қастық па?
Дөрекілік, дөкірлік
Жараса ма бастыққа?
Келгендерге көмекке,
Әкіреңдеу керек пе?
Жалын жастар мұндайда
Айтар саған мол өкпе:
Айдалада жатқыздың,
Тар кепені баққыздың.
Заманында атомның
Білте шамды жаққыздың.
Газет, журнал бермедің,
Жағдайды көп көрмедің.
Он күн қамап осылай,
«Тек жүзімді тер», – дедің.
Табысты етіп күзіңді,
Терер жастар жүзімді.
Екінші рет, бірақ та
Көрмей кетер жүзіңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Механик

  • 0
  • 0

Бір жас жігіт сатып алды зәулім үй,
Әрине, оны салған еді бабалар.
Әрі мықты, кең болатын әлгі үй
Көрген адам шын жоғары бағалар.

Толық

Туған жердің тасы

  • 0
  • 0

Туған жердің тасы да қамбат маған,
Туған жерсіз таң атып, күн батпаған.
Алғаш кесіп анашым кіндігімді,
Осы жерде бесікке құндақтаған.

Толық

Тараз

  • 0
  • 1

Кернейдің үні үзіліп,
Керуен көшкен тізіліп.
Сыңғыр да сыңғыр шолпысы,
Сұлулар күлген сызылып.

Толық