Иіскеу мен күйістеу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Иіскеу мен күйістеу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1318
Жерде жатқан шылымды
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді де тиіспеді.
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді, бірақ тиіспеді.
Есек те келін иіскеді,
Бірақ ол да тиіспеді...
(А. СӘРСЕКОВ. Мереке. 1976 ж. 36-бет)
Лириканы иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
«Сәбилерді» иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Сатираны иіскеді,
Бұған да тіктеп тиіспеді.
Әдебиетпен осылай
Әзілдесуі тиіс пе еді?...
(І. ӘМІРБЕКОВ. Тісім кышып барады, 1981 ж. 97-бет)
Көпен кімге тиіспеді? –
Лирикті де иіскеді,
Прозаикті де иіскеді,
Сатирикті де иіскеді
Тілшіні де иіскеді...
Бәрінен де сорақысы –
Дайын аспен күйістеді.
(Асқаржанды көрген кезде,
«Мынау маған тиіс», – деді).
Бір мезет өзіне де
Сын көзбен қарауға
Тиісті еді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иіскеу мен күйістеу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Иіскеу мен күйістеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иіскеу мен күйістеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иіскеу мен күйістеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері