Тыңда мені – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тыңда мені» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2607
Жанымның жалынынан мың дәмелі,
Жарығым, жатырқама, тыңда мені.
Жүрекке дауа бар ма, о, дариға,
Сен жұтқызған у тәтті, мұң да әдемі.
(З.ЕЛГОНДИНОВА. Қырдың қызыл реңі. 39-бет)
Қашан да қайыспайтын сынға белі,
Біреулер жүйрік дейді жырға мені.
Ол сөзді қоя тұрып,
Айтшы алдымен,
Өлердей сүйетінің шын ба мені?
Жанымның жалынынан мың дәмелі
Жігіттер толып жатыр,
Тыңда мені:
Сен үшін тәрк етермін бұл тірлікті,
Мәңгілік батырсаң да мұңға мені.
Сүйерің рас болса,
Тыңда мені:
Сен берген семіртеді су да мені.
Ән болып естіледі айқайың да.
Аузыңнан бұрқыраған бу да әдемі.
Сүйерің рас болса,
Тыңда мені:
Кейіннен бастап жүрме бір бәлені.
Өмірлік құтыла алмас көлеңкеңмін,
Сен берген өлтіре алмас у да мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңда мені өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тыңда мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңда мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңда мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері