Қыздың жасы – 18 – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыздың жасы – 18» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 8575
Қыз деген – бір қызғалдақ,
Өркендеген өлкеміз.
Өскен гүл ғой бізге арнап,
Еркелеген еркеміз.
Қыз бар жерде қызық бар,
Ақындарға сенсеңіз.
Көзіңді бір сүзіп қал,
Шын ықылас бөлсеңіз.
Қыз дегенің – керемет,
Шалқар шабыт, көл-теңіз.
Жасын сұрап не керек?
Оның жасы – он сеніз.
Мейлі, орта жастағы
Бір аруды көрсеңіз,
Дегін: «Әуел бастағы
Оның жасы – он сегіз».
Қыз қырықтан асса да,
Түспесін еш еңсеңіз,
Баяғыдай жас сана,
Оның жасы – он сегіз.
Сол қыздардың басына
Кемелденіп келсе күз,
Мақта даңқын асыра,
Оның жасы – он сегіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздың жасы – 18 өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қыздың жасы – 18 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздың жасы – 18 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздың жасы – 18 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері