Алматының арықтары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алматының арықтары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1442
Армасың, Алматының арықтары,
Көңілдер өздеріңмен қалықтады.
Ақтыңдар ақтарыла көше бойлап,
Баяғы бал әуенге салып тағы.
Шомылып шапағыңа шуақ күнгі,
Талдарға талықсыған қуат кірді.
Еркелей еніп бірден, еліктірген
Айнала әуеніңе құлақ түрді.
Байқаймын, бәріне үнің ұнап тұрды,
Жайқалды жағаларда құрақ түрлі.
Қызының кеудесіне тақты жігіт,
Аялап хош иісті бір ақ гүлді.
Қылқанды қарағай да күреңденіп,
Қайың да шыға келді реңденіп.
Тірегі тіршіліктің су екен-ау,
Сендермен жатыр жоғы түгенденіп.
Армасың, Алматының арықтары,
Көңілдер көтерілді, шарықтады.
Тынымсыз ағасыңдар, ағасыңдар,
Табиғат құдіретін танытқалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының арықтары өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алматының арықтары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының арықтары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының арықтары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері