Болар еді тиімді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болар еді тиімді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1390
Қазақта бір мақал бар:
«Аюға намаз үйреткен таяқ» деген.
Бірақ та, әй, әттеген,
Оны тыңдап жүрген жоқ нахалдар.
Осы біз қазақпыз ба?
Әлде, өзгелерге мазақпыз ба?
Өйткені, өз тілімізді қолданбаймыз,
Тек орысша сөйлеуге қорланбаймыз.
Керісінше, оған мақтанамыз,
Қоразданып, баптанамыз.
Тіліміз келсін-келмесін,
Орыстар бізді «баран» демесін,
Оған намыстанар жоқ шамамыз,
Орысша шүлдірлеп бағамыз:
Атасы немересімен,
Тіпті, шөбересімен
Орысша әңгімелеседі,
Онысын мәнді деседі...
Осы жұрт бізді ақын дейді,
Халыққа жақын дейді.
Айтатын ойы болса,
Айтады батыл дейді.
Егер, сол халық бізді оқымаса,
Қазақ тілі тоқыраса,
Онда жазамыз кім үшін?
Ондай тірлік құрысын!
Құрысын демей не дейін,
Мүсәпір боп мерейім,
Ұлтым менің өлмей ме?
Жұртым оны көрмей ме?
«Тілімізді қолдайық,
Жоспарлы түрде оңдайық», –
Деген шенеуніктер шіреніп,
Секілденіп тірі өлік,
Тек орысша бөседі,
Сөйте тұра қызметі өседі.
Ал, егерде, ең жоғарғы мінбеден:
«Ана тілін білмеген
Қызметтен сорлайды,
Басшы орында болмайды», –
Деп, берсе егер бұйрықты,
Қысып бірден құйрықты,
Өзі түгіл анасын да,
Бесіктегі баласын да
Ана тіліне қарай бұрар еді,
Тез-ақ сайрап шығар еді.
Он ойбайдан – бір тоқпақ,
Яғни, «Ұр, тоқпақ!»
Болар еді тиімді,
Артық емес – сыйымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болар еді тиімді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Болар еді тиімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болар еді тиімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болар еді тиімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері