Қоңыздар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қоңыздар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1569
Мен өмірді толқынды теңіз деймін,
Сол толқыннан маржан сөз – кен іздеймін.
Ал, тек қана байлықты мансұқ тұтқан
Туысымның бәрін де қоңыз деймін.
Мен оларды кім дейін қоңыз демей? –
Ақша қуған, адамдық жол іздемей.
Үйге келсе, мүлкіммен бағалайды,
Ойға батып мүлгіген мені іздемей
Қоңыз-дағы өзінше еңбек етер –
Боқ илеуді жаз бойы ермек етер.
Құмалағын күз күні інге тығып,
Тас қараңғы қыс бойы көрге кетер.
Көрдегі адам – бәрібір өлген адам,
Жазғанына жазмыштың көнген адам.
Ит тірлікпен өтуге тиіс емес,
Құдіретіне Құдайдың сенген адам.
Мақтанбаймын дүние жиғаныма,
Шүкіршілік сенім мен иманыма.
Ризамын Алланың мейіріммен
Жарық сәуле санама құйғанына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыздар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қоңыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері