Жаңаөзен – жаңа кезең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңаөзен – жаңа кезең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2654
Тоқ бола ма, аш бола ма?
Өзіне адам қас бола ма?
Ана емшек береді ме,
Жыламаса, жас балаға?
Жас баланы жылатпайық,
Абайсызда құлатпайық.
Қарап қас пен қабағына,
Әр қадамын қуаттайық.
Бала неден тосылады?
Қатарға тез қосылады.
Туған ел мен туған жердің
Абыройын асырады.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Еліміздің бір бесігі –
Тербетілген Жаңаөзен.
Демейді ешкім азғындайық,
Ол үшін ор қаздырмайық.
Емшек сұрап жылады деп,
Жас баланы жазғырмайық.
Тал бесікті тербетейік,
Тербетейік, төрлетейік.
Ұлдар еркін бой көтеріп
Ел қатарлы ержетейік.
Елбасының өзі келді,
Жаңаөзенді көзі көрді.
Жұртшылықты жандандырған
Шын қамқорлық сөзі болды.
Ақ жарылып пәк жүректер,
Ақтарылды ақ тілектер.
Қуанышты алып ұшып,
Көкке қанат қақты кептер.
Жаңаөзен, Жаңаөзен,
Есілмен тең ағады өзен.
Ұлы байтақ елімізде
Басталды бір жаңа кезең.
Өтіп жатыр бала кезең,
Алда әлі дана кезең.
Жаңаөзен, Жаңаөзен –
Басталды бір жаңа кезең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңаөзен – жаңа кезең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңаөзен – жаңа кезең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңаөзен – жаңа кезең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңаөзен – жаңа кезең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері