Көшені атау қиын ба? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көшені атау қиын ба?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1219
Қазақстанда неше мың
Атын атап көшенің,
Қазақшаға келтіру,
Оңай емес көндіру.
Патша заманынан қалған,
Атауларын алған:
Иванов, Петров, Павлов,
Дроздов, Жабров, Лавров...
Болып кете береді, кете береді,
Уақыт өте береді.
Қазақтың өз атауы қайда? –
Ұшып кеткен айға.
Ел болсақ та тәуелсіз,
Күйдеміз әлі әуенсіз.
Көшелелерді өзгерте алмаймыз,
Бейшара жандаймыз.
Қала тұрғындарының
Аңысын аңдаймыз.
Екі орыс қарсы шықса,
Қарсы тұра алмаймыз.
Бір көшені өзгерту үшін қазақша,
Түсеміз қанша азапқа:
Қалалық акимат бар,
Аудандық маслихат бар,
Архитекторлар кеңесі бар,
Онамастика төресі бар...
Бәрі ақылдасуы керек,
Бірін-бірі мақұлдасуы керек.
Сөйтіп жүргенде жыл өтеді,
Халықтың жүйкесін жүн етеді,
Жігерін құм етеді.
* * *
Қазақ өз алдына бел болып,
Тәуелсіз ел болып,
Жөнделмей жатыр жолы да,
Өз билігін қашан алады қолына?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшені атау қиын ба? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көшені атау қиын ба? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшені атау қиын ба? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшені атау қиын ба? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері