Қайда, қайда? Сезімнің от бораны – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайда, қайда? Сезімнің от бораны» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Қайда, қайда? Сезімнің от бораны,
От бораны жастықтың тоқтамады.
Атқан таң, батқан кешпен, өткен күндер,
Өмірімді біртіндеп жеп барады...
Терек бопты бір кезгі шоқ тал әні,
(Оған да әлі айбалта оқталады)
Алаңында тірліктің талас –тартыс,
Қайшылықтың өтуде көкпары әлі.
Тыншымайды көңілім күй тілеген,
Бола алмаспын бақытты ұйқыменен.
Ескі жұртын қия алмай қайта соқты,
Жан-жүректі жаулаған сиқыр өлең.
Пысықтардың пысқырмай өсегіне,
Ене алмадым ешкімнің «есебіне»,
Айтып, айтпай не керек, қас-қағымда,
Айналады бүгінің кешегіге...
Білмеппін-ау, қадірін ештеңенің,
Көштен қалып, тағы қай көшке еремін?
Құстар қайтып барады, жылы жаққа,
Қос қанаты білдіріп «хош» дегенін.
Білмеппін-ау, қадірін ештеңенің!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері