Мейірімді аналар
Бұл бетте «Мейірімді аналар» атты Гүлмекен Қасенбай жазған ана туралы өлең берілген.
Аналар күн сияқты,
Жерге нұр төгетін.
Жүздері мейрімді,
Жылулық сезесің.
Ұрысқаны білінбейді,
"Күнім"- деп тұрғандай.
Қуантсаң күлімдейді,
Айдан нұр тамғандай.
Бес алсаң күледі,
Қуанып, шаттанып.
Елге айтып жүреді,
Сыртыңнан мақтанып.
Бар болшы аналар,
Қымбатсың әрбірің.
Бақытты сіздермен,
Ұл-қыздың барлығы!
Гүлмекен Қасенбай
02.01.2022
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі