Өгіздің өкпесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өгіздің өкпесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1253
Бізді атамзаманнан Өгіз дейтін,
Шөп салып, жем жегізбейтін.
Жайылым кең болатын,
Ауасы ем болатын.
Қамыс құлақты,
Белден келген құрақты
Кешіп жүріп, мол-ақ жейтінбіз,
Тілмен орап жейтінбіз.
Қарын айналып кететін,
Бар дене майланып кететін.
Енді не болды?
Шыққыр көз не көрді?
Жасыл жайлау жыртылып,
Шөп тамыры қырқылып,
Тарылтып төңіректі,
Орнына егін екті,
Біздерді еңіретті:
Өріске бармайтын болдық,
Шөп басын шалмайтын болдық.
Біздерді қорада бағатын болды,
Жемді алдымызға салатын болды.
Сонда, жем деген –
Төгілген терменен
Егілген егін емес пе?
Ал, шөп болса –
Жайылым көп болса,
Еңбексіз-ақ тегін емес пе?
Ай, әттең,
Жайылмаған соң аяқпен,
Жүгерінің сабағы,
Бидайдың сабаны
Бойыңа жұқпайды екен,
Бүйірің шықпайды екен.
Ұстамай тек байлауда,
Еркін айдауда
Жіберсе кең жайлауға,
Сонда нағыз Өгіз болар едік,
Әлдеқайда семіз болар едік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өгіздің өкпесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өгіздің өкпесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өгіздің өкпесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өгіздің өкпесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері