Көкектің келбеті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкектің келбеті» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1483
Көкек Қарлығашқа келіп,
Жылы сәлем беріп,
Былай деді:
– Мейірлі,
Әрбір іске бейімді
Жаратқан ғой Құдай сені.
Адамды паналайсың,
Пейілін бағалайсың.
Қашан да сия аласың,
Үйіне ұя саласың.
Балапандап өркейесің,
Жыл сайын көркейесің.
Ал, менің түріме қара,
Күн емес күніме қара.
Кезкелген жерді шарлаймын,
Нені таңдаймын?
Іліккенін бойыма іле берем,
Сөйтіп жүре берем.
Сұрап алған сыйлығым –
Тотыдан құйрығым.
Айрықша айбарым –
Әтештен айдарым.
Сәл ғана қоңқайған
Тұмсығым Торғайдан.
Иыққа кептелген
Мойыным Кептерден.
Қарыштай алмаған
Қанатым Қарғадан.
Құйтырқы көздерім –
Көздері өзгенің.
Үкіден үнім де,
Құзғыннан жүнім де.
Тамағым бөлекше –
Сасыған өлексе.
Қарлығаш үн қатты:
– Түсіндім, қымбаттым.
Жұмыртқа табасың ба?
Балапан бағасың ба?
– Тапсам да жұмыртқа,
Өзім оны баспаймын.
Көмескі ымыртта
Басқа ұяға тастаймын.
– Сонда, қолыңнан келетін
Бағалар іс бар ма?
Өсіп-өнетін,
Ұқсап өзге құстарға?
– Өкпемді өшіріп,
Балапан өсіріп,
Несіне шатыламын?
Қарасаң сен ғой,
Аспан асты кең ғой.
Аралап атырабын,
Өз атымды шақырамын.
Қарлығаш деді:
– Ақымағым,
Қарап тұрсам тәніңе,
Өзгенікі бәрі де,
Ең аржағы әнің де.
Берер едім баспана,
Бірақ, сендей қасқаға
Болмас оның мәні де.
Ұяң да жоқ, панаң да,
Балапаның – балаң да
Бірге жүрген қасыңда.
Қаңғалақтап жүргенде,
Әлдеқандай бір жерде
Түсіп қалар басың да.
* * *
Ұшып-қонып секектер
Аз емес қой Көкектер.
Иә, бірақ, оларды
Кім санатқа есептер?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкектің келбеті өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көкектің келбеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкектің келбеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкектің келбеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері