Қылмыспен күресу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қылмыспен күресу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1717
Тергеу комитетінің басшысы
Халықты жиып алды.
Айтпақ боп ащы сын,
Қабағын түйіп алды:
«Жолдастар,
Биылғыдай болмас дәл.
Факт не дейді?
Қылмыс үш есе көбейді.
Қоғам мүлкін тонау
Ұрыларға түк емес.
Алдарын орау
Болып отыр құр елес.
Тапа-тал түсте үйлерге кіріп кетеді,
Көздеріне түскенді іліп кетеді,
Машиналарды тонап, не қуып кетеді,
Таптыртпай, іздері суып кетеді.
Жеке жүргенді қойып кетеді,
Түнде жүргенді сойып кетеді.
Қысқасы, менттеріміз мәнсіз боп тұр,
Қылмысқа қарсы күресіміз әлсіз боп тұр.
Көп қылмыстың беті ашылмайды,
Қылмыскерлер қалай басынбайды?
Бұдан былай сананы сақайтамыз,
Заңды қатайтамыз.
Халық жасақшыларын құрамыз,
Көшеге топ-топ болып шағамыз.
Кәне, соған жазылыңдар,
Алғы шептен табылыңдар,
Қылмыскерлерге жабылыңдар», –
Деп үлкен міндет жүктеп кетті.
* * *
Ұрыға бос сөз не керек?
Тұрғанда-ақ ойын шегелеп,
Басшының үйін үптеп кетті,
Кілемдерін бүктеп кетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылмыспен күресу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қылмыспен күресу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылмыспен күресу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылмыспен күресу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері