Қалтадағы құлақ

Бұл бетте «Қалтадағы құлақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1297
Жездемнің бір құлағы
Алмалы-салмалы болды,
Он-ақ грамм салмағы болды.
Шынында бұл құлағы
Ерекше бақпа құлақ еді,
Бәрін еститін қақпа құлақ еді.
Сол құлағын жатарда алып қоятын,
Қалтасына салып қоятын.
Бірде ол әдетінен жаңылып,
Арақ ішіп қағынып,
Құдайы атып қалды,
Есін білмей жатып қалды.
Мұндайда баланың жыны бар-ды:
Алмалы құлақты
Қатты ұнатты,
Ақыры жұлып алды.
Сөйтті де далаға ойнап кетті,
Достарымен тойлап кетті..
Өзенді бойлап кетті.
Оны басқалар байқамады,
Байқаса, әрине, қайтарады.
Бір кезде жездем ес жиып,
Қарады бізге состиып:
– Құлағым қайда? – деді, –
Табыңдар, әйда! – деді.
Біз қалтаға қара дейміз,
Ол балтаға қарайды.
Біз еденге қара дейміз,
Ол легенге қарайды.
Біз текшеге қара дейміз,
Ол өкшеге қарайды.
Сөйтсек, ол бізді естімейді екен,
Өзін ғана есті дейді екен.
«Жабыл, жабыл, жабыл», – деп, –
Құлақ, тездеп табыл», – деп, –
Үйді түгел ақтардық,
Құлауға да шақ қалдық..
Жездем: «Құлақ!» – деп, көзін бақырайтты,
Сол кезде біреу ақыл айтты:
«Болмас, сірә, бұл айып,
Балалардан сұрайық,
Табылмаса, шын айып,
Басқа не амал қылайық?»
Барсақ, балалар құлақты,
Жетелегендей лақты,
Жіпке байлап сүйретіп жүр,
(Мүмкін, балық аулауды үйретіп жүр).
Құлақ иесіне қайтты,
Бірақ, бір бала айтты:
«Күндіз құлаққа ілгенше,
Түнде қалтада жүргенше,
Мұндай құлақты.
Тұру үшін тұрақты,
Байлап қою керек жіппенен», –
Ұсыныс болды бұл күтпеген.
* * *
Бұл сөз жездемнің ойында жүрді:
Көңілі жайланып.
Құлақ жіпке байланып,
Түнде қалтада емес,
Жатқанда да мойында жүрді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалтадағы құлақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қалтадағы құлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалтадағы құлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалтадағы құлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері